Ақтөбеде суық сумен жабдықтауды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді.
Ақтөбеде суық сумен жабдықтауды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді.
2023 жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы реттелетін тауарлар мен қызметтерді «тұтынудың әлеуметтік нормаларын» енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі халықаралық тәжірибені ескере отырып талдау жүргізді және 2024 жылдың ақпан айынан бастап сумен жабдықтауға сараланған тарифтер енгізілді. 2, 3 және 4 топтардың тарифтерден түскен қосымша кірістер жабдықтарды жаңартуға және желілердің тозуын азайтуға бағытталатын болады.
Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап сумен жабдықтауға келесідей тарифтер бекітілді:
1) 3 текше метрге дейін: ҚҚС - пен 129,89 теңге/м3.
2) 3-тен 5 текше метрге дейін: ҚҚС-пен 155,86 теңге/м3 (қолданыстағы тарифтен 20% жоғары).
3) 5-тен 10 текше метрге дейін: ҚҚС-пен 194,83 теңге / м3 (50% жоғары).
4) 10 текше метрден астам: 259,77 теңге/м3 ҚҚС (екі еселенген тариф).
Egov сайты арқылы тұрғындардың тіркелуін тексеріп, тұрғандар саны туралы деректерді ресми сайтта жеке кабинетте жаңартуға болады. Сондай-ақ, тұрғындар Әбілқайыр хан даңғылы, 29А немесе Сәңкібай батыр көшесі, 24 О мекенжайлар бойынша абоненттік бөлімдерге жүгіне алады. Қосымша сұрақтар бойынша біздің телеграм-чатқа, Instagram парақшасы @aqtobesu немесе 740-420 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады.
Барлығыңыздан ауыз суды үнемді және ұтымды пайдалануды сұраймыз.