Ақтөбе қаласындағы И.Тайманов көшесінде су құбырын жаңарту жұмыстары сәтті аяқталды.
Ақтөбе қаласындағы И.Тайманов көшесінде су құбырын жаңарту жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл учаске 2025 жылға жоспарға енгізілмеген болатын. Алайда алдағы уақытта жол төсемесін жаңарту жоспарланғандықтан, жаңа асфальтты қайта қазбау үшін құбырды алдын ала ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Бастапқы жоба бойынша 1000 метр құбырды ауыстыру көзделген еді. Алайда тұрғындардың өтініші бойынша Ақтан батыр мен Жолмырзаев көшелерінің арасындағы қосымша 120 метрлік құбыр жаңартылды. Айта кету керек, бұл учаске мекеменің балансында болмаған.
Ескі шойын құбырлардың орнына заманауи полиэтилен құбырлары төселіп, жалпы ұзындығы 1120 метрге жетті.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындар сапалы әрі тұрақты суға қол жеткізсе, қала жолының тұтастығы да сақталатын болады.