Ақтөбе облысында «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 13 тамызында «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның сумен жабдықтау, су бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау нысандары бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлануда.
Баспасөз туры 2025 жылдың 13 тамызында сағат 10:00-де келесі мекенжайлар бойынша өткізіледі.
- Сумен жабдықтау бойынша: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Абай және Есет батыр көшелері.
- Су бұру бойынша: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Заводская көшесі 29-үй.
- Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау бойынша: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі 11-үй.
Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың өкілдерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Осы іс-шараны өткізу туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 55-73-38.