Ақтөбе қаласында «Aqtobe su-energy group» АҚ өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өтеді

Image

Ақтөбе қаласында «Aqtobe su-energy group» АҚ өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өтеді

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының негізгі мақсаттарының бірі табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тариф пен инвестициялық бағдарламаларды бекіту болып табылады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18 сәуірі сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өткізетін болады.

Жария тыңдауда сумен жабдықтау, су бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтері бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының шеңберінде инвестициялық бағдарламалардың өзгеруі талқыланады.

Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қол жетімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдау параллелді түрде Департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде де өтеді (http://www.facebook.com/100015441583508).

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы 12 Б.

«Aqtobe su-energy group» АҚ байланыс телефоны: 8 (7132) 55-81-73.

Департаменттің байланыс телефоны: 8 (7132) 55-73-38.

Бөлісу: