07.03.2025
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Aqtobe su-energy group” АҚ-ның ер азаматтары асыл жандарды шын жүректен құттықтады. Біздің ұйымымызда 700-ден астам нәзік жан еңбек етіп, өз кәсібилігімен, жауапкершілігімен және мейірімділігімен ұжымның ажырамас бөлігіне айналған. Олардың әрқайсысы компанияның дамуына баға жетпес үлес қосып, ортақ жетістіктеріміздің берік негізін қалыптастыруда. Біз сіздерді құрметтейміз, еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және шын жүректен алғысымызды білдіреміз!