24.07.2025
№3 желілік округте жылу желілерін жаңғырту жұмыстары басталды
«Aqtobe su-energy group» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында №3 желілік ауданда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта О. Кошевой көшесі, 113/1 мекенжайында ұзындығы 318 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Жұмысты мердігер ұйым – «Влад» ЖШС жүзеге асыруда.
Осыған байланысты 2025 жылғы 25 шілде мен 4 тамыз аралығында келесі мекенжайлар бойынша уақытша ыстық су беру тоқтатылады:
Кошевой көшесі: 113, 113/1, 113/2, 115
Чекалин көшесі: 36
Жұмыс толық аяқталғаннан кейін аумақ қалпына келтірілетін болады.