01.08.2025
Жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында №2 желілік ауданға қарасты 8 нысанда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда Гришин көшесі бойындағы учаскеде құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстарды орындаушы мердігер – «Влад» ЖШС.
Жоба аясында 290 метр жылу желісі жаңартылады.
ТК-13 пен ТК-14 (Гришин көшесі, 7) аралығындағы күрделі жөндеуге байланысты келесі мекенжайларда уақытша ыстық су беру тоқтатылады:
Гришин көшесі, 1 , 5, 7, 7А.
Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін аумақ толығымен абаттандырылады.