21.05.2025
Қ. Нокин ауылдық округі тұрғындарының назарына!
«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ 2025 жылғы 22 мамыр күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қ. Нокин ауылында су резервуарларын жоспарлы жуу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды.
Осыған байланысты ауыз су беру уақытша шектелуі мүмкін. Тұрғындардан алдын ала қажетті ауыз су қорын артығымен алып қоюларын сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз.