Асфальт жабындысын қалпына келтіру
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары бұрын жер жұмыстары жүргізілген учаскелерде асфальт төсемдерін қалпына келтіруді белсенді жалғастыруда.
Бүгін жөндеу-құрылыс бөлімінің қызметкерлері төмендегі учаскелер бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізді:
Қарасай батыр-Жүргенев көшелерінің қиылысы;
Ағ. Жұбановтар көшесі, 290/2;
Әбілқайыр хан даңғылы, 69;
Ғ. Жұбанов-Сейтов көшелерінің қиылысы;
Сәңкібай батыр даңғылы, 95А;
Т. Рысқұлов-Чернышевский көшесі.
Қалпына келтірілген учаскелердің жалпы ауданы шамамен 400 шаршы метрді құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, осындай ақпаратты беру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызмет 740-444 телефон нөмірі арқылы жүзеге асыруға болады.
Сондай-ақ, біз Telegram-чат және Instagram парақшасында @aqtobesu әрқашан байланыстамыз және көмектесуге дайынбыз!