15.05.2025
Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары гидравликалық сынақтар кезінде анықталған ақауларды жою жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Қажетті техника толық жұмылдырылып, мамандар тәулік бойы жұмыс істеуде. Бұл – ыстық су беру жүйесін қалпына келтіруді жеделдету мақсатында қолға алынған шаралар.
Бүгінгі таңда ыстық су қала бойынша кезең-кезеңімен берілуде. Тек Жанқожа батыр – Жамбыл, Жанқожа батыр – Уәлиханов қиылыстары мен Ә.Молдағұлова,13 даңғылында дәнекерлеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
«Aqtobe su-energy group» АҚ қала тұрғындарына түсіністік пен төзімділік танытқандары үшін зор алғыс білдіреді.