Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Image

Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілерді жөндеу кезінде қазылған учаскелерде абаттандыру және жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Бүгінгі күні қаланың келесі көшелерінде асфальт жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды:

Құлымбетов — Жамбыл көшелерінің қиылыстары;
Жанқожа батыр — Жамбыл көшелерінің қиылыстары;
Жанқожа батыр көшесі, 65, 39А, 14 үйлерінің маңы;
101-атқыштар бригадасы көшесі;
Жаңқожа батыр — Некрасов көшелерінің қиылысы.
Қалпына келтірілген аумақтың жалпы көлемі шамамен 200 шаршы метрді құрады.

Естеріңізге саламыз, тәулік бойы жұмыс істейтін авариялық-диспетчерлік қызметке 740-444 нөмірі арқылы хабарласып, кез келген мәселе бойынша өтініш бере аласыз.

Сонымен қатар, бізбен Telegram-чаты және Instagram парақшамызда @aqtobesuбайланыса аласыз. Біз әрдайым байланыстамыз және сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз!

Бөлісу: