Суық сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізілді
“Aqtobe su-energy group” АҚ 01.08.2024 жылдан бастап салқын сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізілгені жайында естеріңізге салады.
Осыған байланысты, пәтерде және жеке үйде тіркелген адамдар санының ықтимал өзгерістерін жазбаша өтінішпен жүгіну арқылы жүргізуді сұраймыз. Бұл ретте Egov.kz.портал арқылы алынып, басып шығарылған скриншотты қоса беру қажет.
Өтініш беру тәсілдері:
1) “Aqtobe su-energy group” АҚ кеңсесіне келесі мекенжайлар бойынша:
- Әбілқайыр хан даңғылы, 29 «А»;
- Сәңкібай батыр даңғылы, 12 «Б».
2) Оffice_cc@aqtobesuenergy.kz е-mail поштасы арқылы (PDF форматында, бұл ретте өтініште міндетті түрде тұрғын үй иесінің қолы болуы тиіс).
3) “Aqtobe su-energy group” АҚ-ның https://aqtobesuenergy.kz/ сайтына - (PDF форматында және өтініште міндетті түрде тұрғын үй иесінің қолы болуы тиіс).
Сонымен қатар, тіркелген адамдардың санын Egov.kz. порталы арқылы тексеруге болатындығын хабарлаймыз. Ол үшін порталда ЭЦҚҚ кілттің көмегімен авторлану қажет. Жеке кабинетке өтіңіз, “Мүлік” бөлімінде “Тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру” опциясын таңдаңыз.
Қосымша сұрақтар бойынша біздің телеграм-чатқа, Instagram парақшасы @aqtobesu немесе 740-420 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады.