Коллектордың авариялық секциясын ауыстыру
2020 жылы «K7 Group Актобе» ЖШС Алтын Орда ықшамауданында «Абырой» тұрғын үй кешенін салып, ағынды суларды бұру үшін диаметрі 300 мм болатын өздігінен ағатын канализациялық коллектор төседі. Бүгінгі таңда бұл коллектордың жағдайы апатты: құбырлардың деформациясы салдарынан бітелулер мен сарқынды сулардың жер бетіне төгілуі жиілеп кетті.
«Aqtobe su-energy group» АҚ тұрғындардың мәселесін назардан тыс қалдырмай, өз күшімен апатты учаскені ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар сарқынды сулардың төгілуінің алдын алуға және жүйені қалыпты жұмысқа қайтаруға бағытталған. Сонымен қатар, арнайы техниканың көмегімен ағынды суларды сорып шығару жұмыстары да атқарылды.
Толық шешім үшін коллектордың зақымдалған барлық бөлігін ауыстыру қажет. Біз бірнеше рет желінің баланс ұстаушысы – «K7 Group Актобе» ЖШС-не тиісті шаралар қабылдау туралы өтініш білдіргенімізбен, мәселе әлі шешілмей отыр. Инженерлік желілердің уақтылы күтімін қамтамасыз ету маңызды екенін еске саламыз.