Төменгі-Қарғалы су алғышындағы су құбырын ауыстыру

Image

Төменгі-Қарғалы су алғышындағы су құбырын ауыстыру

«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарлама шеңберінде Төменгі Қарғалы бастоғанында ұзындығы 450 метр және диаметрі 600 мм су құбырын ауыстыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жоба қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сапасы мен сенімділігін жақсартуға бағытталған.

Аталған жұмыс барысында жоғары беріктігі, энергия тиімділігі және коррозияға төзімділігі бар полиэтилен құбырлары қолданылуда. Бұл сипаттамалар көптеген жылдар бойы құбырдың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу шығындарының төмендеуіне ықпал етеді. Жобаға заманауи материалдар мен технологияларды енгізу қала тұрғындары үшін сумен жабдықтау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстарды біздің ұйым қызметкерлерінің күшімен жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды және жұмыстарды орындау кезінде сумен жабдықтау шектелмеген.

Бөлісу: