Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру

Image

Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру

«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында Есет батыр көшесі бойынша (А. Молдағұлова даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта) су құбыры желілерін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Жобаның жалпы ұзындығы – 2 шақырым.

Аталған жоба – сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңғырту жоспарының бір бөлігі. Бүгінгі таңда 1130 метр аумақтағы жұмыс аяқталып, құбыр тарту Абай даңғылына дейін жетті.

Жөндеу жұмыстарын «Влад» ЖШС мердігер ұйымы горизонталды бағыттағы бұрғылау (ГНБ) әдісімен жүргізуде. Бұл технология жер қазу көлемін айтарлықтай азайтып, жол төсемдерінің тұтастығын сақтауға және жұмыстардың жылдам аяқталуына мүмкіндік береді.

Ауыстырылып жатқан құбырлар — заманауи полиэтилен материалдарынан жасалған, олар жоғары беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және ұзақ мерзімді қызмет етуімен ерекшеленеді.

Бөлісу: