Кәріз желісі бітеліп қалды.
Тәуелсіздік көшесі, 16а мекенжайы бойынша «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның кәріз желілері мамандары диаметрі 400 мм құбырдағы тежеуді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар арнайы жабдықтар мен мотопомпаларды қолдана отырып, құбырларды тиімді тазалауға мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, тазалау барысында құбырдан бөгде заттар – қоқыс, шүберектер, пластик бөтелкелер және басқа да қалдықтар шығуда. Мұндай заттар құбырлардың бітелуіне, желінің тұрақты жұмысының бұзылуына және апат жағдайларының туындауына себепші болады.
Осыған қарамастан, тұрғындар үшін су бұру қызметін ұсыну штаттық режимде жалғасуда, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Кәріз жүйелерін дұрыс пайдалану ережелерін сақтауды өтінеміз және тұрғындарды тұрмыстық қатты қалдықтарды кәрізге тастамауға шақырамыз, бұл желінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.