Жыл сайынғы күзгі гидравликалық сынақтар аяқталды

Image

Жыл сайынғы күзгі гидравликалық сынақтар аяқталды

Ақтөбе қаласында магистральды және ішкі кварталды жылу желілерін жыл сайынғы күзгі гидравликалық сынақ жұмыстары аяқталды.

Қала бойынша ыстық су беру жүйесі қайта қалыпқа келтірілді. Дегенмен сынақ барысында анықталған кейбір ақауларды жою жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, С.Нұрмағамбетов көшесі, 13 мекенжайындағы жылу желілерінде шағын жөндеу жүргізілуде, ал Жамбыл көшесінде дәнекерлеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Магистральды және ішкі кварталды жылу желілерін гидравликалық сынау жылына екі рет өткізіледі: көктемде — жылыту маусымы аяқталған соң, күзде — жаңа маусым басталар алдында. Бұл шара жүйедегі әлсіз тұстарды анықтап, жаз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Күзгі сынақтар алдағы жылыту кезеңінің тұрақты әрі сапалы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Үйіңізде әлі ыстық су жоқ болса, 740-444 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін ыстық судың жедел қызметтеріне хабарласуыңызға болады.

Бөлісу: