Жылу өндіру проблемалары туралы ақпарат алынды
Біздің ұйымның телеграм-чатында тұрғындардан О. Кошевой көшесі, 113 мекенжайы бойынша жылумен жабдықтау жүйесін тексеру туралы өтініш түсті.
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары аталған мекенжай бойынша жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйесін тексерді. Тексеру барысында, тұрғындармен бірлесіп, жылу энергиясын есептеуіштің жағдайы туралы акті толтырылды.
Тексеру нәтижесінде келесі бұзушылықтар анықталды:
— Жертөле бөлмесінде жылу мен ыстық су жүйесінің жобалық схемасына сәйкес келмейтін өзгерістер бар.
— Элеваторда сопло жоқ.
— Араластырғыш құбырда краны жабық күйде қалған.
— Балшық жинағыш, термометрлер, манометрлер жоқ.
— Құбырлар тарылған және басқа да техникалық кемшіліктер бар.
Анықталған бұзушылықтар бойынша басқарушы органға 5 жұмыс күні ішінде аталған кемшіліктерді жою ұсынылды.