Құрметті ақтөбеліктер!

Image

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Ата Заңымыздың негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.

Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ.

Бөлісу: