01.03.2025
Құрметті ақтөбеліктер!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай – сабыр мен кешірімділіктің, мейірім мен қайырымдылықтың уақыты. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жүректеріңіз тыныштыққа, шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толсын! Баршаңызға амандық, денсаулық, отбастарыңызға ырыс-несібе тілеймін.
Сонымен қатар, бүгінгі Алғыс айту күні – мейірімділік пен ризашылықтың, бірлік пен татулықтың айқын көрінісі. Бір-бірімізге алғыс айтып, қолдау көрсету – қоғамдағы ең асыл құндылықтардың бірі. Бірлігі жарасқан Ақтөбе қаласында татулық пен өзара сыйластық арта берсін!
Әр күніңіз қуаныш пен жақсылыққа, береке мен молшылыққа толы болсын!
Құрметпен, “Aqtobe su-energy group” АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ.