Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Image

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Энергетика саласы – еліміздің экономикасының тұрақты дамуының іргетасы және әрбір азаматтың жайлы өмір сүруінің кепілі. Сіздердің өз ісіне деген адалдықтарыңыз, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз бен табандылықтарыңыз тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, саланы дамытуға және озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында шаһарымыздың энергетикасы қарқынды дамып, мыңдаған отбасыға жылу мен жарық сыйлап, мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосуда.

Осы мерейлі күні сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым халыққа қуаныш сыйлап, еліміздің гүлденуіне қызмет ете берсін!

Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ

Поделиться: