Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Image

Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің іргесі мығым болғай!

Ұрпақтың тыныш ұйқысы мен алаңсыз күлкісіне қорған, Туымызды көкке көтерер айбынды ерлеріміздің абыройы асқақ болсын!
3 дн.

Поделиться: