Қызметкерлерге қолайлы жағдайлар
«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлер үшін қолайлы жұмыс жағдайларын жақсарту және ыңғайлы еңбек ортасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.
Біздің компания еліміздегі ең ірі коммуналдық ұйымдардың бірі, қазіргі таңда 2000-нан астам қызметкер еңбек етеді. 2024 жылдан бастап кәсіпорын нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл қызметкерлердің күнделікті жайлылығы үшін аса маңызды, сондықтан біз оларды заманауи талаптарға сәйкестендіруді мақсат еттік.
Бүгінгі таңда 15 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біз үнемі нысандарды аралап, жөндеудің сапасын бақылап, жоспарланған жұмыстардың орындалуын тексеріп, қосымша қажеттіліктерді анықтап отырамыз. Қазіргі жобалар аяқталғаннан кейін біз жаңартуды қажет ететін басқа нысандарға да назар аударамыз. Біздің басты міндетіміз – әр қызметкерге жайлы еңбек жағдайын жасау.
Сіздердің еңбектеріңіз бен сенімдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Біз әрі қарай да еңбек ортасын жоғары стандарттарға сай жақсарту жұмыстарын жалғастырамыз.