Әлімбаева Дәмдігүл Есенқызы

Image

Әлімбаева Дәмдігүл Есенқызы

Құрметті Әлімбаева Дәмдігүл Есенқызы сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Әлімбаева Дәмдігүл Есенқызы 2013 жылдың 13 наурызынан бастап «Aqtobe su-energy group» АҚ-да №2 жеке тұлғалармен жұмыс жасау бойынша қызмет өткізу бөлімінің агенті ретінде еңбек етіп, 12 жылға жуық уақыт ішінде өз ісінің нағыз маманы екенін көрсетті.

Ол абоненттермен тиімді жұмыс жасауда, қызмет көрсету сапасын арттыруда және тұтынушылармен сенімді қарым-қатынас орнатуда жоғары біліктілігін танытты. Өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен және адалдығымен әріптестері арасында зор құрметке ие болды.

Дәмдігүл Есенқызы – өз ісіне берілген, тәжірибесі мол, жауапкершілігі жоғары маман. Оның ұжымға қосқан үлесі зор, ал еңбек жолы – үлгі боларлық. Оның есімі әрдайым кәсіпорын тарихында құрметпен аталады!

Поделиться: