Құрметті ақтөбеліктер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейтін, бірлік пен берекенің, жаңару мен жасампаздықтың жарқын символы.
Наурыз әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, молшылық пен мейірім ала келсін. Ел іргесі аман, бірлігіміз бекем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, құт-береке және жаңа жетістіктер тілейміз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі!
Осы ұлы күні біз абоненттерімізді назардан тыс қалдырмай, олар үшін ақ дастархан жайдық! Ыстық бауырсақ, бал татыған шелпек, ұлттық тағамдар – бәрі де шынайы ықыласпен дайындалды.
Бұл тек дастархан емес – бұл біздің құрметіміз, алғысымыз, жүректен шыққан жылуымыз! Біз үшін әр абонент – қонақ, ал қонақты күту – қазақтың қанына сіңген қасиет.
Наурыз мейрамы құтты болсын! Әр шаңыраққа молшылық, жүректерге мейірім, көңілге қуаныш тілейміз!