09.03.2025
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні
«Aqtobe su-energy group» мекемесінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұжымның нәзік жандарына ерекше құрмет көрсетілді. Өз ісінің нағыз мамандары болып табылатын қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Кәсіпорын басшылығы әріптестердің еңбегін жоғары бағалап, олардың кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Бұл күні әрбір қызметкердің еңбегі еленіп, көңілдері көтеріңкі болды.
Бұл сұлулар – тек отбасының ғана емес, жұмыс орнымыздың да берекесі. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және еңбектеріне табыс тілейміз!