Бір жастарыңызбен!

Image

Бір жастарыңызбен!

Баршаңызды халқымыздың ежелгі дәстүрі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 14 наурызда атап өтілетін бұл мереке – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық тілейтін, өкпе-реніштерін кешіріп, татулық пен бірлікті нығайтатын ерекше күн. Көрісу күні – ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін маңызды мереке.

Осы жарқын мереке әр шаңыраққа бақыт пен береке әкелсін. Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жете берейік, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Бірлігіміз жарасып, еліміз көркейе берсін!

Поделиться: