Бүгін біздің ұйымның болашақ сквер аумағында 30 көшет
Бүгін біздің ұйымның болашақ сквер аумағында 30 көшет: шырша, қарағаш және терек отырғызу бойынша ауқымды шара өткізілді.
Бұл іс-шара қала тұрғындары үшін жайлы, экологиялық таза орта құруға ерекше назар аударатын «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Қуандық Жақсылықұлының бастамасы және қолдауымен ұйымдастырылды.
Көшет отырғызу жұмыстары ұйым ұжымының ауызбіршілігін және ортақ мақсаттарға деген ұмтылысын көрсетті. Жұмыс барысында арнайы техника мен құрал-жабдықтар қолданылып, іс-шара жоғары деңгейде жүзеге асырылды.
Скверді абаттандыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Көктемде аумақта тротуарлар салу, автотұрақтар, орындықтар, жарықтандыру бағаналары, қоқыс жәшіктері мен алаңқайлар орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар заманауи және жайлы қоғамдық кеңістік құруға бағытталған.