Энергетиктер күні

Image

Энергетиктер күні

Энергетиктер күні және жыл соңына орай мекеме қызметкерлері Су шаруашылығы және ирригация министрлігі, облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет және мекеме Бас директоры Қуандық Жақсылықұлы Қасымовтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл марапаттар – жылу, сумен жабдықтау және электр энергиясын жеткізу мен тұтынушыларға ұсыну саласындағы қажырлы еңбектеріңіздің, кәсібилігіңіздің және жоғары жауапкершілігіңіздің лайықты бағасы. Сіздердің еңбектеріңіз қоғамның тұрақты дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баға жетпес үлес қосуда.

Сіздерге осы айтулы күні зор денсаулық, отбасылық амандық, жұмыста табыс және жаңа жетістіктер тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен сәттілікке толы болсын!

Сіздердің адал еңбектеріңіз – ел игілігінің басты тірегі!

Поделиться: