Есет батыр ш/а жылыту жүйесін тексеру жұмыстары жүргізілді

Image

Есет батыр ш/а жылыту жүйесін тексеру жұмыстары жүргізілді

Біздің ұйымның телеграм-чатына 1 ш/а. 24К және 2 ш/а. 5В тұрғындарынан жылумен қамтамасыз ету жүйесін тексеру туралы өтініш түсті. Аталған аймақта жылуалмастырғышқа дейін жылумен жабдықтау тұрақты түрде қамтамасыз етілгендігіне қарамастан, «Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары тұрғындармен бірлесіп зерттеу жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша 2 ш/а 5В үйге дейін жылу толық барып тұрғандығы анықталды, алайда бірқатар проблемалар пәтер ішіндегі және үй ішіндегі жүйелермен байланысты: бітелген сүзгілер мен клапандар, ақаулы есептеу құралдары, сондай-ақ терезелерден үрген жел және басқа да жеке факторлар бар. Осы ақауларға қарамастан, пәтерлердегі температура 23-25 градусты құрап тұр.

1 ш/а. 23К және 24К үйлерінде жылу жылуалмастырғышқа дейін 70 градус құрайды. Алайда, ішкі үй жүйелерін дұрыс күтіммен қамтамасыз етпеу салдарынан, пәтерлердегі температура 21-22 градус құрайды. «Адал қызмет» ЖШС мен тұрғындарға диагностика жүргізіп, үй ішілік желілерді жөндеу, сондай-ақ терезелерден жел соғуын жою бойынша ұсыныстар берілді, бұл жылумен жабдықтау сапасына айтарлықтай әсер ететіндігі жөнінде түсіндірілді.

Біз қажетті көмек көрсетуге дайынбыз және бірлескен күш-жігермен жылыту жүйелерін қалыпты жағдайда ұстауға, сондай-ақ оларға дер кезде қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге шақырамыз.

Поделиться: