Кәріз желілерінің тазалығы мен үздіксіз жұмыс істеуі – әрбір тұрғынның жауапкершілігінде!
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары күн сайын кәріз жүйесін тазалау, ластануларды жою және алдын алу шараларын жүргізеді. Бұл жұмыстар су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, құбырлардың бітелуінің алдын алады, олардың өткізу қабілетін арттырады және апатты жағдайлардың туындау қаупін азайтады.
Еске саламыз: кәріз жүйесіне май, пластик, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ басқа да қатты қоқыстарды тастауға болмайды! Бұл ережелерді сақтамау жүйенің шамадан тыс жүктелуіне және бітелулерге әкеледі.
Кәріз желілерінің тазалығы мен үздіксіз жұмыс істеуі – әрбір тұрғынның жауапкершілігінде!
«Aqtobe su-energy group» АҚ барлық азаматтарды кәріз жүйесіне ұқыпты қарауға шақырады және қоршаған ортаның тазалығына әрі қаланың коммуналдық инфрақұрылымына жанашырлық танытқаны үшін алғыс білдіреді!