«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Image

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

2025 жылғы 6-7 ақпан аралығында Ақтөбе облысында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Тақырыбы – «Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау». Оқу-жаттығу аясында өңірде екі күн бойы профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Жалпы, су тасқыны қаупі бар учаскелерде су басу қаупін азайтуға бағытталған 61 практикалық іс-шара өткізу жоспарланған.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезінде күштер мен объектілерді басқару жөніндегі іс-қимылдарын жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі жедел басқару ұйымдарымен өзара әрекеттесу деңгейін арттыру.

Осы оқу-жаттығуға «Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары да белсенді қатысуда. Олар инженерлік коммуникациялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны қаупі бар аймақтарда алдын алу және шұғыл әрекет ету шараларын жүзеге асырады. Бұл жұмыстар аймақтағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін сақтауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға бағытталған.

Поделиться: