Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Image

Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті «Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен, Қазақстанның су шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Еліміз үшін су шаруашылығы мамандығының маңызы ерекше. Қазақстанның су әлеуеті көбінесе көрші елдерден келетін су ағынына, сондай-ақ климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты.

Сондықтан, еліміз үшін су кәсібі құрметті және өте маңызды. Су шаруашылығы саласының қызметкерлері елдің су ресурстарын пайдалануды есепке алумен, жоспарлаумен және басқарумен, оларды ластану әрі сарқылудан қорғаумен, су шаруашылығы жүйелерін пайдаланумен айналысады. Осылайша, олар адамдардың күнделікті өмірінде, ауыл шаруашылығы саласында, жалпы ел экономикасында үлкен рөл атқарып, су арқылы әрбір үй мен кәсіпорынға өмір тіршілік нәрін береді.

Осындай мереке күні, сіздерге шын жүректен қызметте үлкен жетістіктер мен зор мүмкіндіктер, марапаттар, осы салада тұрақты әл-ауқат және сәттілік тілейміз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ізгі істеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ.

Поделиться: