Құрметті ақтөбеліктер!

Image

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді барша мұсылман үмбеті үшін аса қадірлі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл – жүрекке жылу сыйлап, бауырмалдық пен қамқорлықты дәріптейтін, рухани тұтастықты нығайтатын қасиетті күн. Ұлттың мәдениетімен үндескен асыл дініміздің бұл мейрамы мейірімділік пен адамгершіліктің айқын көрінісі болып табылады.

Құрбан айт – ынтымақ пен татулықты нығайтатын, жұртшылықты жомарттық пен жанашырлыққа үндейтін ерекше мереке. Бұл күндері халық бір-біріне ізет көрсетіп, мұқтаждарға көмектесіп, сауапты амалдармен жүрекке жол табады. Осындай жақсы тілектер мен игі істер ел ішінде өзара түсіністік пен бірліктің артуына себеп болады.

Баршаңызға осы ұлық мереке қарсаңында мықты денсаулық, береке, тыныштық пен баянды өмір тілейміз!

Айт мүбәрәк болсын!

Ізгі ниетпен,
“Aqtobe su-energy group” АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ

Поделиться: