Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар

Image

Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар

“Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары есепке алу аспаптарын тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.

Тұңғыш Президент атындағы саябақты тексеру кезінде қайталама бұзушылық анықталды. Бұрын диаметрі 63 мм орталық су құбырына заңсыз қосылған кранға пломба қойылып, жабылған болатын. Пломбасы алынып, кранды қайта ашып, онымен қоса су бассейндерді толтыру үшін пайдаланылып жатқандығы анықталды. Бұл заңсыз қосылу қатаң бұзушылық болғандықтан, диаметрі 63 мм құбырды кесуге шешім қабылдадық.

Бұзушылықтар анықталғаннан кейін мамандар тиісті шаралар қабылдады және айыппұл салу үшін заң бөліміне тапсырылатын акт толтырылды.

Бөлісу: