03.06.2025
Екі күнде 100-ден астам абонент коммуналдық қызметтен ажыратылды
«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ алдында бүгінде коммуналдық қызметтер үшін қала бойынша 29 000-нан астам тұтынушының қарызы бар.
Берешекті өндіріп алу мақсатында мекеме жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Борышкерлердің меншігіндегі көлікті анықтау үшін «Автоураган» жүйесі қолданылады. Заң аясында банктік шоттарға тыйым салу, шетелге шығуға шектеу қою шаралары қолға алынған.
Құрметті тұтынушылар! Коммуналдық қызметтердің үзіліссіз көрсетілуі — сіздердің уақтылы төлем жасауларыңызға тікелей байланысты. Егер қаржылық жағдайыңыз қиын болса, құжатпен растаған жағдайда әр өтініш жеке тәртіпте қаралады.