04.06.2025
Құрметті әріптестер мен отандастар!
Бүгін – халқымыздың рухын, Тәуелсіз еліміздің айбынын айшықтайтын айтулы күн – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні!
Ту – тұғырлы тәуелсіздігіміздің көк аспандай биік белгісі, Елтаңба – елдігіміздің айнасы, Әнұран – жүректегі отаншыл рухтың үнді әуені. Бұл рәміздер – ұлттың болмысын бейнелейтін қасиетті құндылықтар.
«Aqtobe su-energy group» АҚ ұжымы атынан Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Еліміздің еңсесі биік, бірлігі бекем, болашағы жарқын болғай!
Жүректерімізде елдік пен ерлік рухы өшпесін!
Әр күніміз Туымыздай биік, Елтаңбамыздай айқын, Әнұранымыздай асқақ болсын!
Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ